Қазақстандық паралимпиадашылар жеңіл атлетикадан Дубайда өткен «Fazaa» турнирінде 10 медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық паралимпиадашылар жеңіл атлетикадан Дубайда өткен «Fazaa» турнирінде 10 медаль иеленді

28.02.2015
Қазақстандық паралимпиадашылар жеңіл атлетикадан Дубайда өткен «Fazaa» турнирінде 10 медаль иеленді

Бұл жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Себебі Дубай ханзадасының мұрагері шейх Хамдан бин Мохаммед бин Рашид әл-Мактудың қолдауымен өтетін жарыс әркез жоғары деңгейде ұйымдастырылады.  

Қазақстан Ұлттық құрамасынан жарысқа 34 спортшы қатысты. Олар жеңіл атлетиканың ұзындыққа секіру, диск лақтыру сияқты жарыстарға қатысып, барлығы 10 медаль иеленді.

 

Мағжан Нұрлыбаев:  

Жүгіру – 100 м – күміс, 200м – күміс, ұзындыққа секіру – қола;

 

Ислам Салимов:

Жүгіру – 200 м – күміс, 400 м – қола;

 

Сергей Харламов:

Жүгіру – 200 м – күміс;

 

Аманат Калкаев:

Ұзындыққа секіру – қола;

 

Айнур Тайжанова:

Ядро лақтыру – қола;

 

Руфат Хабибуллин:

Жүгіру – 100 м – қола;

 

Алексей Лукутин:  

Диск лақтыру – қола.

Хабарламаларға жазылу