«Айтуға оңай...» хабары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...» хабары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналады

27.02.2015
«Айтуға оңай...» хабары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналады

Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ.

Шоқаннан қалған мұраның бірі — бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.

Шоқан аз ғана ғұмырында гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

Бүгін «Айтуға оңай...» хабары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналады. Бағдарлама мақсаты – ұлы тұлғаның бұрын беймәлім болып келген қырын елге танытып, еңбектерін, болмысын өскелең ұрпаққа насихаттау. Ұлттық арнадан сағат 21.05-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу