Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл – 180 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл – 180 жыл

30.11.2015
Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл – 180 жыл

Ол – қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, этнограф, географ, ағартушы. Ол – XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Әйгілі ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл – 180 жыл.

Шоқанның балалық шағы Құсмұрында, сондай-ақ, әжесі Айғанымның өтінішімен салынған Сырымбет қонысында өткен.

Дәстүрлі дала мектебінен тәлім алған Мұхамет-Қанапия 1853 жылы 18 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусын армия кавалериясы бойынша тәмамдайды. Екі жылдан соң Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорд ұйымдастырған Орталық Қазақстан, Жетісу мен Тарбағатай аймақтарына жасаған экспедиция құрамында қызмет атқарды.

«Шоқанның әлі де ғылыми айналымға енбей жатқан еңбектері бар ма дегенде, әрине, Шоқанның Қазақстанда жатқан еңбектерінің дені Ресей мұрағаттарынан алынған көшірмелер ғана. Шоқанға қатысты түпнұсқа жоқ. Әсіресе, Қашқар сапарына барған кездегі ғылыми айналымға енбеген еңбектерін әлі де зерттеу – ғалымдардың алдындағы басты міндет»,-дейді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкері Рашид Оразов.

1856 жылы Шоқан полковник Хоментовскийдің жетекшілігіндегі экспедициямен Ыстық көлді және Қытайдың Құлжа өңірін аралаған. Шығыс Түркістан мен Қашқарияға жасаған сапары ғылым саласындағы айтулы оқиға еді.

ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында  Шоқанның өмірі мен шығармашылығына байланысты сақталған жәдігерлер туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу