25 ақпан күні «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойды.
Осыған орай 27 ақпан күні Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты патриоттық театрландырылған акция және флешмоб өтеді, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.
Шара барысында ҚазАТУ-дың студенттерінің 2015 жылдың 26 сәуір күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына жастарды белсенді атсалысуға шақырған Үндеуі жарияланады.
Шараға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф.Қуанғанов, «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ Басқарма төрағасы А.Күрішбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары А.Башмаков және т.б. лауазымды тұлғалар қатысады.