Ұлттық арна қашанда көрермендерін жаңа жобалармен қуантуға дайын. Жақында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Сенбілік кездесу» атты жаңа форматтағы хабар көрерменге жол тартады.
Жүрек түкпіріндегі естеліктерді жаңғыртып, жылы кездесулер ұйымдастыратын хабардың жүргізушісі – Құрманбек Жұмағалиұлы.
«Сенбілік кездесудің» алдағы сандарында көрермен көптен асыға күткен тағылымы мол танымал тұлғалар, жас та болса, елдің атын әлемге танытып жүрген қазақ жастары және ерекше қабілетімен, өзгеше қасиетімен көпті тәнті еткен жандар қонаққа келеді.
«Сенбілік кездесуді» 28 ақпан сағат 21.00-де көре аласыздар.