1965 жылы ерекше жекпе-жек өткізген боксшы Мұхаммед Әли мен оның қарсыласы Сонни Листонның қолғаптары Нью-Йоркте өткен бәссаудада 956 мың долларға сатылды, деп хабарлайды «The Associated Press» агенттігі.
Боксшылар бұл қолғаптарды Мэн штатындағы Льюистон қаласындағы қарымта шайқаста киген. Әли шайқас басталғаннан кейін екі минутқа жетпей қарсыласын нокаутқа жіберіп, теңдессіз жеңіс үлгісін көрсеткен.
Жарыс аяқталғаннан кейін екі қолғапты да төреші Джордж Руссо (George Russo) алып, жылдар бойын үйінде сақтап келген. Кейін ол оны Калифорнияның коллекционеріне сатқан.
Ал, қолғаптардың бүгінгі сатып алған иегері кім екені белгісіз.