Геннадий Головкин: Мұхаммед Әли - ұлы чемпион - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин: Мұхаммед Әли - ұлы чемпион

07.06.2016
Геннадий Головкин: Мұхаммед Әли - ұлы чемпион

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлиге құрметін білдірді.

Г.Головкин өз твиттерінде Әлидің жекпе-жектерінің  бірінен үзінді видеосын салды.

Еске сала кетейік, Мұхаммед Әли 30 жылдан астам «Паркинсон» дертімен арпалысып, 3 маусым күні 74 жасында қайтыс болды.

Ол өзінің 25 жылдық спорт мансабында 56 рет жеңіске жетіп, оның 37-сі – нокаутпен жеңген. Ол - ауыр салмақта үш дүркін Әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы.

Хабарламаларға жазылу