«Қазақстанның үздік әртісі» анықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның үздік әртісі» анықталмақ

19.02.2015
«Қазақстанның үздік әртісі» анықталмақ

«Қазақстанның үздік әртісі» анықталады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Арман Дәулетияров айтты.

«Біз ақылдаса келе, Астанада өтетін сыйлық беру рәсіміне арнайы жүлде тағайындасақ, деп шештік. Ол - «Қазақстанның үздік әртісі» аталымы. Мұндай қадам «МУЗ-ТВ» тарапынан ешқашан болмаған еді. Яғни, қазақстандықтар дауыс беру арқылы ең үздік әртісті өздері анықтайды»,-деді бас директор.

Дауыс беру «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы арқылы жүзеге аспақ.

Хабарламаларға жазылу