Семейде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде

04.10.2014
Семейде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде

Жарысқа 17 мемлекеттің үздік балуандары боз кілемде бақ сынауға жиналған. Ауқымды сайыстың Семей жерінде өтуі бекер емес. Өйткені өңірде қазақ күресі қарқынды дамып келеді.

Екі күнге созылатын додада кім мықты екендігі, ертең анықталмақ. Әзірге еліміздің балуандары басым түсуде.

Бүгінде ұлттық спорт түрінен халықаралық чемпионат өткізуге бірнеше ел ниет білдіріп отыр.

Ержан ЖАҚЫП

 

 

Хабарламаларға жазылу