Меңдеш Абадұлы: Кеш өткізу үшін оған үлкен дайындықпен келу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меңдеш Абадұлы: Кеш өткізу үшін оған үлкен дайындықпен келу керек

19.02.2015
Меңдеш Абадұлы: Кеш өткізу үшін оған үлкен дайындықпен келу керек

«Біздің жұп болып, ән шырқай бастағанымызға бір жылдың жүзі болып қалды. Шығармашылығымызда жаңалық көп. Бейнебаян түсірдік, жаңа әндер жаздық.  Бауыржан Есебаевтың «Ақ махаббат» деген әні және тағы бірнеше ән дайындық үстінде. Жоспарымыз көп, оның бәрі алдағы уақыттың еншісінде»,-дейді әншілер.

Шығармашылық кештеріңізді қашан өткізесіздер деген көрерменнің сауалына әншілер: «Бізге әлі ерте сияқты. Кеш өткізу үшін оған үлкен дайындықпен келу керек. Әлі де болса жақсы әндер жазып, біраз жұмыс атқару керек»,-дейді.

Жұлдызды жұп бүгінде Мұратбек Сарбасов, Ербол Ақбасов, Бауыржан Есебаев сынды сазгерлермен жұмыс істеуде.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу