23-28 ақпан аралығында Қызылордадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жас былғары қолғап шеберлерінің республикалық турнирі өтеді.
Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирде 10 салмақ дәрежесі бойынша 200-ге жуық спортшы шаршы алаңға шықпақ.
Жарыстың салтанатты ашылуы 23 ақпан күні, сағат 13.30-да «Евразия» спорт кешенінде өтеді.