Джеки Чанның ұлы түрмеден шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джеки Чанның ұлы түрмеден шықты

14.02.2015
Джеки Чанның ұлы түрмеден шықты

Танымал актер Джеки Чанның ұлы Джейси Чан алты айдан кейін түрмеден босатылды.

Фан Цзумин атымен танымал Джейси тамыз айында досы, тайвандық киноактер Кэ Чжэньдунмен  бірге Шыңжанда «есірткі пайдаланды», деген күдікпен ұсталған.

Осы әрекетінен кейін тәртіп сақшылары Джейси Чанның пәтеріне тінту жүргізіп, 100 грамм марихуана тәркілеген.

Қытай соты  оған жарты жыл түрмеде отыру шарты мен 2 мың юань көлемінде айыппұл төлету туралы шешім шығарды.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, 32 жастағы Джейси Чан баспасөз мәслихатын өткізіп, көпшілік алдында кешірім сұрамақ.  

 

Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу