Голливуд актрисасы Памела Андерсон ажырасу жөнінде сотқа үшінші рет өтініш берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голливуд актрисасы Памела Андерсон ажырасу жөнінде сотқа үшінші рет өтініш берді

14.02.2015
Голливуд актрисасы  Памела Андерсон ажырасу жөнінде сотқа үшінші рет өтініш берді

Атақты Голливуд актрисасы Памела Андерсон жұбайы Рик Соломонмен ажырасу жөнінде сотқа үшінші рет өтініш берді.

Андерсон кинопродюсер Рик Соломонға  2007 жылы тұрмысқа шыққан. Алайда, жұлдызды неке екі айға ғана созылды.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап, Памела Андерсон мен Рик Соломон қайта отбасын құруды ұйғарады. Бірақ, арада жарты жыл өткен соң Андерсон ажырасу туралы өтініш жасайды. Алайда, құжаттар кері қайтарылған.

Қазір актриса сотқа үшінші рет жүгінуде.

Кино әлемінде «Спасатели Малибу» телехикаясы арқылы танылған Памела Андерсон әуелде,  1980 жылдары жарнамалық роликтерге түскен. Актриса - екі баланың анасы.

Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу