Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жекті шаршы алаңда Луис Пабон (Пуэрто-Рико) төрешілік етеді.
Тәжірибелі пуэрториколық Луис Пабон 2014 жылы Монакода Головкин-Адама жекпе-жегіне төрешілік еткен еді.
Ал, Стэнли Кристодулу (АҚШ), Фернандо Барбоса (АҚШ) мен Джек Вудбёрн (Канада) шаршы алаңнан тыс төрешілер ретінде белгіленді.
Еске сала кетейік, «Salle des Etoiles» (Монте-Карло, Монако) аренасында өтетін Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.
Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, ойын барысын (қайталау) «KAZsport» телеарнасынан 22 ақпанда сағат 10:00-де тамашалай аласыздар.