Марат Ілиясов: Қазіргі әндерге көңілім толмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Ілиясов: Қазіргі әндерге көңілім толмайды

12.02.2015
Марат Ілиясов: Қазіргі әндерге көңілім толмайды

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік «Дарын» және Қазақстан Жастар Одағы сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Марат Ілиясов «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылықтағы жаңалығымен бөлісті.

«Қазіргі шығып жатқан әндерге шыны керек, көңілім толмайды. Себебі, біздің әншілеріміз ізденбейді. Олардың Қазақстан Композиторлар одағына келіп, композиторлармен араласып, ақыл-кеңес алып жатқандарын сирек көремін. Ізденіс болмағаннан кейін батыстың, басқаның дайын әндерін алып, сөз жаза салады. Ертеңінде ол ән елдің теледидар, радиоларында ойнайды. Біреудің әнін иемдену ұят нәрсе»,-дейді  композитор.

«Егер бір ән жарыққа шыққан соң халықтың әніне айналып кетсе, әншінің бағы жанды деген сөз. Әрине, бұрынғы әндер мен қазіргілерді салыстыру мүмкін емес. Әбілахат Есбаев, Әсет Бейсеуов, Шәмшінің әндері әлі күнге дейін халықтың жүрегінде.  Ал, соңғы он жылда шыққан әндердің арасынан халық айтатын  он әнді шығару қиын.  Мұның бір себебі, қазір екінің бірі ән жазады».

Бүгінгі әндердің сапасын арттыру үшін Марат Ілиясов: «Қазіргі әндердің кез келгенінде ырғақ бар, әуен жоқ. Қазақилық, руһани ұлттық нақыш жоқ. Бұл – Үкімет болып, министрлік болып қолға алатын шаруа»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу