«Әскери әндерге» дауыс берейік! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әскери әндерге» дауыс берейік!

03.09.2014
«Әскери әндерге» дауыс берейік!

ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы – республикалық «Әскери әндер» радиофестиваліне дауыс беру жалғасуда. Байқауға ұсынған әндерді іріктеу үшін арнайы көркемдік кеңес және радиофестивальдің өту барысына жауапты жұмыс тобы құрылды. Бұл жолғы көркемдік кеңес отырысында байқауға тағы 6 жаңа ән іріктеліп алынды. Олар: Марат Оразымбетовтың орындауындағы «Сарбаздар маршы», «Сырым батыр», «Арманда кеткен ерлер-ай» әні, сондай-ақ «Жастар маршы» (Ақылбек Жеменей), «Хат» (Сандуғаш Нұрғазина) және Ескендір Хасанғалиев, Біржан Хасанғалиев, Нұрқожа Сейітжановтің орындауындағы «Алаш арманы» әні.

Айта кетейік, радиофестивальге 2014 жылдың желтоқсан айына дейін үздік 15 ән іріктеліп алынады. Байқау 1 желтоқсанда қорытындыланады.

Радиофестивальге қатысуға Қазақстанның кез келген азаматы ұсыныс бере алады.

Үздік әнді бірге анықтайық, дауыс беріңіздер!

Дауыс беру

Хабарламаларға жазылу