Халил Маслов: Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы - әлемде теңдесі жоқ ұжым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халил Маслов: Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы - әлемде теңдесі жоқ ұжым

03.02.2015
Халил Маслов: Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы - әлемде теңдесі жоқ ұжым

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қызметкері Халил Маслов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Ол елімізде өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлыстың тату өмірін насихаттайтын, ортақ құндылықтарды дәріптеп, қастерлеуге бағытталған  кафедраның атқарып жатқан іс-шаралары туралы айтып берді.

Қазақ тілін жетік білетін Халил: «Мен ауылда өстім. Қазақ мектебіне барып, қазақтың балаларымен ойнап, қазақ жерінің шаңын жұтып, топырағына аунағаннан кейін қалайша қазақша сөйлемейін»,-дейді.

«2010 жылы  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жанынан әлемде теңдесі жоқ алғашқы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды.  Кафедраның негізгі міндеті – Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінге дейін атқарған игі істерін жастар арасында насихаттау. Сонымен қатар, Қазақстандағы татулықты, бейбітшілікті  сақтай отырып, Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жастарға жеткізу».

«Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарында дәл осындай 12 кафедра ашылды.  Барлық кафедраның басын біріктіретін ортақ қауымдастық құрылған еді. 12 ақпан күні сол қауымдастықтың екінші жиналысы өтеді.  Онда кафедраларға ортақ оқу-әдістемелік құралын құрастыру және оқу пәні ретінде арнайы курс ұйымдастыру мәселелері қарастырылмақ»,-дейді Халил Маслов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу