WBC нұсқасы бойынша орта салмақта уақытша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин биыл осы ұйымның толыққанды чемпионы Пуэрто-Рико өкілі Мигель Коттомен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бұл туралы Boxingscene хабарлайды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.
Айта кету керек, 21 ақпанда WBA Super және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жекке шығады.
Одан кейін Коттомен кездесуге ниетті екенін айтқан боксшы: «Мұны өзім де қатты қалаймын. Жанкүйерлер де мұны қуана құптайтынына сенімдімін. Биылғы жылы pay-per-view айқасын көрсеткім келетінін айтқан едім. Маған мықты Котто, Альварес, Чавес сияқты қарсыластар қажет. Котто – WBC чемпионы, ал мен орташа салмақтағы барлық белдікті қанжығама байлағым келеді», - дейді.