«Гүлбанудың тағдыры» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гүлбанудың тағдыры»

22.01.2015
«Гүлбанудың тағдыры»

Ол – өмір есігін ашқаннан бері тағдырдың қиындығына мойынсұнбай келе жатқан өжет жандардың бірі. Ес білгелі Гүлбану анасының жанында отырып, тігін тігудің қыр-сырын меңгерді. Кейін өзі де ұлттық киімдер, түрлі оюмен өрнектелген көрпеше, дорба және басқа да тұрмыста қолданылатын бұйымдарды тіге бастайды.

Қолөнерден бөлек, әншілік қыры бар Гүлбанудың репертуарында «Қобызым»,  «Анашым», «Жігіттерге өсиет» сынды туындылар бар. Өмірді шексіз сүйетін әнші домбыраны да шерте біледі.

Ол әрдайым өзіне жіті көңіл бөліп, талғаммен киінеді. Сахнаға шығатын көйлектерін де өзі тігеді. Тігіншілік пен әншілікті қатар алып жүрген Гүлбанудың тағдыры мен басқа да қамкөңіл жандардың жетістіктері бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» сөз болмақ.

Хабарламаларға жазылу