Ольга Григорьева: Мен үшін түпкі мағынасына сай аудару маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ольга Григорьева: Мен үшін түпкі мағынасына сай аудару маңызды

22.01.2015
Ольга Григорьева: Мен үшін түпкі мағынасына сай аудару маңызды

Қазақ тілін 4 айда меңгерген «Қазақстан тарихы» порталының редакторы Ольга Григорьева бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Биыл елімізде атаулы күндер көп. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата Заңның 20 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын атап өтпекпіз. Сонымен қатар, 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болмақ. Сол себепті, жұмыс көп. Қазір соған дайындық үстіндеміз. Біз өз тарапымыздан атаулы күндерге орай тұщымды материалдар жазудамыз»,-дейді Ольга Григорьева.

«Әр жұмыстың өзіндік қиындықтары болады ғой. Аудармашы болудың мен үшін қиындығы сол, тікелей аударғаннан гөрі, түпкі мағынасына сай аудару».

Хакім Абайдың өлеңін оқыған Ольганың сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу