Спортшыларымыз да өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спортшыларымыз да өз таңдауын жасады

19.03.2023

Ел үшін маңызды күні танымал спортшылар да дауыс берді. Оның ішінде олимпиада чемпиондары Серік Сапиев пен Ольга Рыпакова да бар. Спорт саңлақтары әр азамат өзіне жүктелген ортақ міндетті абыроймен атқаруы тиіс. Сондықтан, олар да қатардан қалмай сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасапты.

Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы: 

Өз азаматтық парызымды орындап, Қазақстан үшін, жарқын болашақ үшін дауыс берді. Барлықтарыңызды сайлауға шақырамын!

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

Дауыс беруді өзімнің азаматтық парызым деп санаймын. Дұрыс таңдау жасау мен үшін үлкен жауапкешілікпен тең. Дәл бүгін еліміздің тағдыры, балаларымыздың болашағы шешілетініне сенемін. Сондықтан, белсенділікті арттыруымыз қажет.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу