Жапонияда құс тұмауы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда құс тұмауы анықталды

19.01.2015
Жапонияда құс тұмауы анықталды

Жапонияның Сага префектурасының екі құс фабрикасында құс тұмауы анықталды. Вирустың таралуының алдын алу үшін провинция билігі 73 мың тауықтың көзін жою туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, құс фабрикалары аумағында карантин жарияланып, жануарлар өнімін 3 шақырымнан алыс қашықтыққа тасымалдауға тыйым салынған.

Қазіргі кезде префектура жолдарында дезинфекциялау шаралары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Американың Вашингтон штатындағы жекеменшік фермада құс тұмауы вирусы анықталған болатын.

 

ҚазАқпарат

Сурет: samaratoday.ru

Хабарламаларға жазылу