Құныпия Алпысбай: Елдігімізді тану көне тарихты білуден басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құныпия Алпысбай: Елдігімізді тану көне тарихты білуден басталады

15.01.2015
Құныпия Алпысбай: Елдігімізді тану көне тарихты білуден басталады

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өткізбек.

Осыған орай, «Таңшолпан» студиясында қонақта - филология ғылымдарының докторы, профессор Құныпия Алпысбай.

 «Бұл - ел тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған алғашқы кең көлемдегі шара. Елдігімізді тану – көне тарихты білуден басталады.  Ұлттық тарихымызды жаңғыртып, халық санасына сіңіру - бүгінгі күнгі ең маңызды мәселелердің бірі», дейді ғалым.

Ал, І. Есенберлин шығармашылығы туралы «Есенберлин шығармашылығы үлкен мұхит сияқты. Көзінің тірісінде баспа бетіне шықпай қалған «Мұхиттан өткен қайық» романы Тәуелсіздік алғаннан кейін барып, 80 жылдығына орай жарияланды.

Сол сияқты қалтарыста қалған шығармалары әлі де болуы мүмкін. Оны жарыққа шығару - бүгінгі ұрпақтың міндеті», дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу