Павлодарлық байкерлер палеонтологиялық экспедиция ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық байкерлер палеонтологиялық экспедиция ұйымдастырды

31.07.2014
Павлодарлық байкерлер палеонтологиялық экспедиция ұйымдастырды

Елдің тарихын біліп, археологиялық қазба байлықтарын зерттеу – баршаға ортақ іс, дейді павлодарлық байкерлер. Жақында олар 30 адамнан құралған палеонтологиялық экспедиция жасақтап, қазба жұмыстарын жүргізуге көмекке барды.

Археология мамандары және географтардың қатысуымен бірнеше жерде зерттеу жүргізілді. Жаңақала және Сычевка ауылдары жанында экспедиция бірқатар көне жәдігер тапты. Олар өлкетану музейіне тапсырылды.

Арнайы жасалатын сараптамадан соң құнды мұрағаттар қатарынан орын алады. Ал, экспедиция мүшелері болса, табылған заттар арқылы  өңір тарихына тың деректер мен мәліметтер қосылатынына сенімді.

Анастасия Кормилицина, «География үйі» қоғамдық ұйымының мүшесі:

Біз 19 дана түрлі сүйек пен екі еңбек құралын таптық. Бұл мамонттар өмір сүрген Неолит дәуірінен бізге жеткен жәдігерлер.

Павел Беликов, байкер:

Көктемде біз Шідерті аумағына барып, зерттеу жұмыстарына көмектестік. Алдағы уақытта да тарихты, мәдениетті тану бойынша жолсапарларға шығамыз. Байкерлік қозғалыс дегеніміз - ол жер-жаһанды шарлау ғана емес, қоғамның дамуына үлес қосу.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу