Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Алайда тұман түсіп, көқтайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейеді деп күтілуде.
Тек республиканың батысы фронтальды ауа ағынының ықпалында болады. Қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 17-22 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Күндіз желдің екпіні -15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшеюі мүмкін (15-20 м/с). Бұрқасын болады - 15-20 м/с.
Ақмола, Маңғыстау облыстарында да желдің екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алакөл аумағында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады.
Қостанай облысында кей жерлерде жел екпіні 18 м/с, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.