Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман болады

16.11.2014
Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман болады

Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болуы, күндіз желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Павлодар облысында кей жерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде тұман түседі.  

Хабарламаларға жазылу