Қаңтар айынан бастап Ақтөбе облысында электр энергиясының тарифы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті. Бұл туралы aktobegazeti.kz сайты жазады.
Ақтөбе облысы бойынша электр энергиясы тарифтері мынадай:
- тұрғындар тобындағы тұтынушылар үшін орташа тариф – 10,17 теңге (кВт/сағат), ҚҚС-мен (өсім 5 пайыз);
- қалған тұтынушылар үшін орташа тариф -17,00 теңге (кВт/сағат), ҚҚС-сыз (өсім 9,9 пайыз).
Жалғыз тұратын зейнеткерлер, ІІ Дүниежүзілік соғысына қатысушылар, мүгедектер және соларға теңестірілген тұлғалар үшін электр энергиясының тұтыным көлемі екі деңгей бойынша бекітілген.
1 қаңтардан бастап тұрмыстық тұтынушылармен есептесу барысында қолданылатын тұтыным көлеміне байланысты сараланған үш деңгейлік тарифтер белгіленген. Мұнда электр плиталарын қолданатын және қолданбайтын тұтынушылар үшін ең төменгі деңгей 1 кВт-сағат үшін тиісінше 9,53 және 9,62 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, көп мөлшерлемелі есептеу құралын орнатқан электр энергиясының тұрмыстық тұтынушылары (тұрғындар, елді мекендер, саяжайлар, бау-бақшалар) тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтерге сәйкес есептесе алады, онда түнгі тариф мөлшерлемесі кВт-сағат үшін 3,32 теңгені, ал күндізгі баға 13,48 теңгені құрайды.