Баспананы жалға алу 13%-ке қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспананы жалға алу 13%-ке қымбаттады

29.10.2021

Баспананы жалға алу биыл 13%-ке қымбаттады. Статистика бюросының мамандары пәтердің әсіресе өткен айларда шарықтағанын айтады. Жалдамалы баспана Алматы, Шымкент, Ақтөбеде 29 пайызға дейін өскен.

40 шаршы метр пәтерді жалдау ақысы айына 120 мың теңгеден асады. Ал тұрғын үйге жөндеу жүргізіп, қызмет көрсету құны шамамен 8 процентке көтерілді. Коммуналдық қызмет, оның ішінде су, электр энергиясы мен газ тарифі былтырға қарағанда 5,7 пайызға өсті.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу