АҚШ киносыншыларының ұлттық қоғамы режиссер Жан-Люк Годардың «Прощай, речь» атты драмасын өткен жылдың үздік картинасы ретінде таныды.
84 жастағы режиссердің фильмі 3D форматында, күйеуге шыққан әйел, жалғызбасты ер адам және ит туралы баяндайды.
Ал, Тимоти Сполл 2014 жылдың үздік актері атағына ие болды. Ол режиссер Майкл Лидің «Уильям Тернер» атты өмірбаяндық фильмінде басты рөлді сомдаған. Үздік актриса болып Бельгия режиссерлері Жан-Пьер және Люк Дардендердің «Два дня, одна ночь» атты кинотуындысына түскен франциялық Марион Котийяр аталды.
«Отрочество» фильмін түсірген Ричард Линклейтер үздік режиссер атанды. Үздік сценарий үшін награданы Уэс Андерсон («Гранд Будапешт» отелі») иеленді.
Қоғамның нұсқасы бойынша, 2014 жылы Лора Пойтрас түсірген «Гражданин четыре» үздік деректі фильм болып танылды. Бұл туынды оның Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алған сұхбатына негізделіп түсірілген, деп жазады шетелдік БАҚ.