«Қарағандыда ұмытылғандар» фильмі үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарағандыда ұмытылғандар» фильмі үздік атанды

10.01.2015
«Қарағандыда ұмытылғандар» фильмі үздік атанды

Қазақстан мен Испания бірлесіп түсірген «Қарағандыда ұмытылғандар» (Los olvidados de Karagandа) деректі фильмі марапатқа ие болды.

Фильм АҚШ-та «California Film Awards» жүлдесін «2014 жылдың үздік деректі фильмі» аталымы бойынша жеңіп алды. 

Туындыда Испания азаматтарының Қарлагта бастан кешкендері суреттеледі. Сондай-ақ, азап абақтысынан тірі қалғандар мен жергілікті тұрғындардың сұхбаттары беріледі.

Фильмде жеке адам мен тұтас ұжымның тағдыры үшін жауласушы тараптарға одақтастарға айналуға тура келетіні, сөйтіп, бітімгершіліктің жолын табу мен тарихтан оң сабақ алудың дұрыстығы баяндалған.

 

 

Хабарламаларға жазылу