Қазақстанның футболдан жастар құрамасы (U-18) Болгариядан жеңілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның футболдан жастар құрамасы (U-18) Болгариядан жеңілді

04.01.2015
Қазақстанның футболдан жастар құрамасы (U-18) Болгариядан жеңілді

Турнирдің алғашқы матчында еліміздің жас футболшылары С тобында Болгария құрамасына 0:2 есебімен жеңілді. Сергей Тагиев шәкірттері 15-ші және 74-ші минутта қақпаларына гол өткізіп алды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның футболдан жастар құрамасының (U-18) сапына «Оле Бразил» академиясында тәлім алған 9 футболшы шақыртылған.

Енді ертең қазақстандық футболшылар Словения құрамасымен сынға түседі.

 

БОЛГАРИЯ – ҚАЗАҚСТАН 2:0 (1:0)

Голдар: Георгиев (15), Игнатов (73)

 

Болгария: Михайлов, Гушлев, Купенов, Буров (Иванов, 90), Керчев (Димитров, 82), Максимов (Петров, 90), Минков, Георгиев (к) (Пенчев, 82), Аличков, Илиев (Цвятков, 59), Кирилов (Игнатов, 59)

Бас бапкер: Александр Георгиев

 

Қазақстан: Грубов, Әбдеш, Әбдіразақов (Муфтолла, 75), Тыныбек, Мирсалимбаев (Васильев, 81), Гладченко (к), Макуов (Сламбеков, 50), Котов (Мамешев, 84), Камбил, Оралбай (Смаилов, 71), Қуанышбай (Люхай, 19)

Бас бапкер: Сергей Тагиев

 

Санкт-Петербург, «Петербургский» стадионы, 300 көрермен

Төрешілер: Артём Любимов, Дмитрий Ермаков, Александр Вистунов

Хабарламаларға жазылу