Елена Әбдіхалықованың орындауындағы Табылды Досымовтың «Қазақ едім дегенше...» ән-поэмасы тыңдарман қауымның жан-жүрегін зор тебіреніске бөлейді.
Осы кеште Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың», «Жанымды менің кім ұғар?» және Ұлықбек Есдәулеттің өлеңіне жазылған «Көздеріңе ғашықпын» әндері айтылады.
Ақын, әнші-композитор Елена Әбдіхалықованың «Мен – Сырдариямын!» атты шығармашылық кешін жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 18.00-де тамашалай аласыздар.
Фото: alashainasy.kz