Күн бұлттанып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, қар жаууы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауа райы құбалмалы болады. Жамбыл облысында ауа температурасы 0-2°С, Оңтүстік Қазақстан облысында -1+1°С, Қызылорда облысында -2-4°С болады деп күтілуде.
Ал, Алматы облысында күн райы бұлтты. Синоптиктер кешке қар жауады деп болжайды.
Еліміздің батыс және солтүстік аймағында қар жаууы ықтимал. Ақтауда ауа температурасы +4+6°С болса, Ақтөбеде -5-7°С деп күтілуде.
Сонымен қатар, Петропавлда -22-24°С, Павлодарда -14-16°С, ал Өскеменде қар жауып, -12-14°С суық болады.