Lenovo компаниясы жаңа P70 смартфонын таныстырмақ. Оның негізгі ерекшелігі – смартфонды 46 күн электр қуатынсыз қолдануға болады. Ал, құрылғыны толық қуаттау үшін 15 минут жеткілікті.
Lenovo P70 смартфонының дисплейі 5 дюймді құрайды. Процессоры – 64 разрядты MediaTek TI BQ24296M. Жедел жадысы – 1 гигабайт, негізгі жадысы – 8 гигабайт. Ал, негізгі камерасы 13 мегапиксельді құрайды.
Сондай-ақ, құрылғының қалыңдығы – 8,9 миллиметр. Сматфонның қашан сатылымға шығатыны әзірге белгісіз.