Ерлан Рысқали: Жылқы жылы мен үшін жайлы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Рысқали: Жылқы жылы мен үшін жайлы болды

30.12.2014
Ерлан Рысқали: Жылқы жылы мен үшін жайлы болды

«Жылқы жылы мен үшін жайлы болды. Бас қала - Астанаға қоныс аудардым. Шығармашылығымда көптеген өзгеріс болды. Осы жылда атқарған жұмыстарымды қорытындылап, қой жылы халыққа жаңа үнтаспа ұсыну жоспарда бар», дейді әнші.

Дәстүрлі ән өнерінің майталманы студияда Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық» атты әнін орындады. Сондай-ақ, «Таңшолпан» студиясындағы жаңажылдық шыршаны безендірді.

«Мен үшін бала күнімде Жаңа жылда жасалған ең құнды сыйлық - әкемнің дастархан басында отырып, домбырамен, сырнаймен орындайтын әндері болатын. Сол әндерді жадыма құйып, бойыма сіңіріп өстім. Әкемнің тізесіне отырып алып, ән тыңдайтын күндерді әлі күнге дейін сағынамын», дейді.

Әншінің балалық шағынан айтқан қызықты естеліктерін толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу