Бүгін Ұлттық арнадан Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен сұхбат шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнадан Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен сұхбат шығады

19.03.2022

Жолдаудағы маңызды реформалар қашан іске аспақ? Оны қалай жүзеге асыру көзделген? Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ұлттық арнаға сұхбат беріп, осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап берді. Сұхбатта Жаңа Қазақстанды құру, оның қоғам үшін өзектілігі сөз болды. Президент өкілеттілігінің азайып, Парламенттің күшеюі, мажоритарлық сайлау, Ұлттық құрылтай секілді бастамалар талқыға түсті. Әрі Ерлан Қарин Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының қалай, қашан құрылатыны жайлы сұраққа жауап берді. Мемлекеттік хатшымен сұхбат бүгін 21:00 -де көрсетіледі.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Бұл бәрібір де белгілі бір уақытты талап етеді. Бірнеше ай тыңғылықты жұмыс жасауымыз керек. Жаңа Қазақстанды біз тек қана қажырлы еңбектің арқасында құра аламыз. Бұл - біздің еліміздің болашақтағы бейнесі. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу