Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін Рустам Минниханов ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездеседі. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлайды.
Тараптар әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ екі ел арасында қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту саласындағы жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылдың тиімді жолдарын талқыламақ.