Бекболат Құрманғожаев: Бұл марапат көңілге рухани қуат береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекболат Құрманғожаев: Бұл марапат көңілге рухани қуат береді

29.12.2014
Бекболат Құрманғожаев: Бұл марапат көңілге рухани қуат береді

Президенттің Жарлығымен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болған режиссер бұл турасында: «Мен өнерде сонау 1973 жылдан бері келемін. Содан бері қазақ өнеріне сіңірген еңбегіме халықтың тарапынан, Елбасы, Үкімет тарапынан берілген баға болар. Әрине, бұл көңілге рухани қуат береді»,-дейді.

«Біздің Жастар театры Қазақстанның ең жас театры саналады. Биыл сегізінші маусымды бастап отырмыз. Тағы бір айта кетерлігі, биыл бізге жаңа ғимарат берілді. Ол – бұрынғы  Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрының ғимараты»,-дейді жағымды жаңалығымен бөліскен режиссер.

«Жалпы, театр фестивальдері  өте керек дүние. Сол конкурстарда жеті жыл қатарынан бас жүлде алу кез келген театрдың қолынан келе бермейді.  Биыл Қызылорда қаласында өткен Сәбира Майқанованың мерейтойлық фестивалінде Шекспирдің «Асауға тұсауын» апарып, Гран-приді жеңіп алдық.

Арасына бір ай салып, Ақтау қаласында өткен Орталық Азия елдері театрларының  фестивалінде Гогольдің «Ревизорын» апарып, тағы да Гран-при алып келдік. Екі айда екі Гран-при жүлдесін алу әр театрдың қолынан келе бермесі хақ»,-дейді Бекболат Құрманғожаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу