Жанар Әбсадық – поэзия әлеміне ерте келген ақын. Оқырманы, өз әлемі бар, әдеби ортаға танылған ақын.
Танымал ақын Бауыржан Жақып: «Жанар жырлары – таңғы шықтай мөлдір сезімнің моншақтары. Оның өлеңдерінде басқа ешкімге ұқсамайтын бір сыр, бір мұң қабаттасып келетін әуен бар»,-дейді.
Өлең деген ол үшін – жанның үні. «Өлең – мен үшін санамның, жүрегімнің түбінде жатқан болмысым»,-дейді өзі.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында бүгін сағат 13.00-де «Поэзия әлемі» бағдарламасынан біле аласыздар.