«Поэзия әлемінде» - Жанар Айлашова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» - Жанар Айлашова

05.09.2015
«Поэзия әлемінде» - Жанар Айлашова

Жанар Асанқызының поэзиясы лирикаға жақын. Ол өлеңдерінде  жүрегіндегі тылсым кейіпкеріне еркелей отырып, мұң-шерін айтады.

«Әдемі сөзді теріп, бір-біріне қосарлап, тіркес жасап, мың құбылтып оқырманға ұсынғанмен, ондай дүниелер жүрекке жетпейді. Күштеп құрастырған ой мен ұйқастың астарына қарасаңыз, тігісі сөгіліп, ойы жыртылып жатады.  Жанар не ойлайды, нені жазғысы келеді соны жазатын шынайы талант. Жасандылықтан ада». Бұл ақын Ербол Бейілханның ақынға берген бағасы.

Жанар Айлашова - 1984 жылы 20 қаңтарда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,  Бейнеу ауылында дүниеге келген. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің түлегі. Бала кезінен әдебиетке құмар болып өскен ол  облыстық, аймақтық ақындар айтысына қатысқан.

Өлеңдері ұжымдық жинақтар мен облыстық, республикалық мерзімді баспасөз бетінде жарияланған.

Хабарламаларға жазылу