Биылғы жылы мұз айдынының ауданы ұлғайтылып, 32 мың шаршы метрді құрады. Онда бір уақытта 5 мыңнан астам адамның коньки тебуге мүмкіндігі бар.
Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағынның айтуынша, аумақта конькиді жалға беретін 13 бекет орналасқан.
Мұнда ең кішкентай келушілер үшін жеке сырғанау аймағы жасалмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.