Қазақстандық спортшылар «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясын» иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясын» иеленді

24.12.2014
Қазақстандық спортшылар «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясын» иеленді

Қазақстандық спортшылар «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасының аясында «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясына» ие болды. Бұл туралы спорттық жекпе-жек пен спорттың күш сынайтын түрлері Конфедерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Олимпиадалық ынтамақтастық» - Олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық Олимпиада комитеттерінің қызметтерін үйлестіру бойынша Халықаралық Олимпиада комитетінің бағдарламасы. Аталған бағдарламаның аясында Конфедерация құрамына кіретін ұлттық федерациялардың бастамасымен стипендиядан үміткер спортшылар Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне өтініш жолдаған. ҚР ҰОК олардың өтініштерінің талапқа сәйкестігін саралағаннан кейін, оларды стипендиядан үміткерлердің әлеуеті мен рейтингісін бағалаған сауалнамалар әрі қарай қарастырылуы үшін ХОК-қа жолдады.

Қазіргі таңда Қазақстанға бөлінген стипендиялардың жалпы саны - 29, олардың ішінде 16-сы - Конфедерацияның спорт түрлері бойынша.

«Рио-2016 олимпиадалық стипендиясын» Конфедерацияның спорт түрлері бойынша боксшылар Иван Дычко, Данияр Елеусінов, Берік Әбдірахманов, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы, ауыр атлетшілер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, грек-рим стилінің палуандары Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тінәлиев, еркін күрестен Расул Қалиев, әйелдер күресі бойынша Қазақстан құрамасының жеңімпазы Гөзел Манюрова, дзюдошылар Максим Раков, Азамат Мұқанов және Елдос Сметов, таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев алады.

Рио 2016 олимпиадалық стипендиясының бағдарламасы Олимпиадалық ойындардың жаттығу барысын қамтамасыз ету үшін қаржылай қолдауды қарастырады.

Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу