Бокстан Рио Олимпиадасының жеңімпаздары жетім балаларды киноға апарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Рио Олимпиадасының жеңімпаздары жетім балаларды киноға апарды

18.11.2016
Бокстан Рио Олимпиадасының жеңімпаздары жетім балаларды киноға апарды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко мен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола медалін алған Дариға Шәкімова Астанада балалар үйінде өсіп жатқан балаларды киноға апарды, деп хабарлайды inform.kz. 

Балаларды кинотеатр алдында күтіп алған даңқты боксшылар бүлдіршіндерге тәтті алып беріп, балаларға арналған жаңа фильмдердің бірін тамашалауға кірісті. Кинодан кейін спортшылар «SOS балалар  ауылына» барып, бүлдіршіндермен бірге түскі ас ішеді. Кешкісін спортшылар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиадалық резерв интернатының оқушылары үшін шеберлік сағатын өткізеді.

«Менің бір ұлым бар, сондықтан, балаларды қатты жақсы көремін. Әрине, балам көп болсын деймін, бір Алла біледі»,-деді журналистермен сөйлескен Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, бұл игі істің бастамашысы - «Аяла» атты қайырымдылық қоры.

Хабарламаларға жазылу