Рауан Кенжеханұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рауан Кенжеханұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

23.12.2014
Рауан Кенжеханұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары  қызметіне тағайындалды

Біздің анықтама:

Рауан Кенжеханұлы 1979 жылы дүниеге келген.

2011 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. 2004 жылы Мәскеудегі мемлекеттік басқару және халық шаруашылығы академиясының бизнес мектебін (MBA) бітірген.

Еңбек өтілін Ұлттық дебат орталығындағы «Дебаты» бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі қызметінен бастаған. 1998-2005 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінің экономикалық шолушысы, «Хабар» агенттігінің Ресей Федерациясындағы меншікті тілшісі, «Жеті күн» бағдарламасының сараптама редакторы болды.

2005-2006 жылдары Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігі баспасөз қызметінің жетекшісі, Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы, мәдени-гуманитарлық серіктестік бөлімінің меңгерушісі, Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Астана 10 жыл», «Жыл википедисті – 2011», «Wikimania-2011» халықаралық конференциясы төсбелгілерінің иегері.

Хабарламаларға жазылу