Астанада экспресс-маршруттарда жеңілдетілген жол жүру ақысы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада экспресс-маршруттарда жеңілдетілген жол жүру ақысы енгізілді

23.12.2014
Астанада экспресс-маршруттарда жеңілдетілген жол жүру ақысы енгізілді

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, тұрғындардың қоғамдық көліктің экспресс-бағыттарында (№ 52э, 53э және 54э) жекелеген азаматтар санаттары үшін жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігіне қатысты өтініш-тілектердің көп болуына байланысты 2014 жылғы 23 желтоқсаннан бастап тиісті санатқа жататын азаматтар үшін жолақы құнына 50% (60 тг.) жеңілдік жасалады;

Қоғамдық көліктердің экспресс-машруттарындағы 50-пайыздық жеңілдік келесі санаттарға жататын азаматтарға тиісті куәлігін көрсеткен жағдайда жасалады:

- ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;

- І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

- көп балалы отбасылар;

- көп балалы аналар;

- жасы мен еңбек еткен жылдарына қарай зейнетке шыққандар.

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу