Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге «Оңай» картасын тегін беру мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге «Оңай» картасын тегін беру мерзімі ұзартылды

20.01.2016
Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге «Оңай» картасын тегін беру мерзімі ұзартылды

Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге жеңілдетілген «Оңай» қоғамдық көлікте жүру картасын тегін беру мерзімі 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды. «Жеңілдетілген «Оңай» көлік картасын алу үшін мектеп оқушылары мен студенттер өздері оқитын білім мекемесіндегі жауапты тұлғаға жүгінулері керек. Ал, жауапты тұлға өз кезегінде тиісті өтінімді толтырып, «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС жібереді.

Дайындалған карталар оқу орындарында беріледі», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетелік, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде жол ақысы тек қана «Оңай» картасы арқылы төленеді. 

Хабарламаларға жазылу