Терроризмді Ислам дінімен байланыстыру қисынсыз. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында осылай деді.
«Терроризм, экстремизм деген ұғымдар XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырда көп естіле бастады. Бірақ, оны Ислам дінімен байланыстыру қисынсыз.
Ислам дегеннің өзі бейбітшілік дегенді білдіреді. Қазіргі уақытта әлем терроризмге қарсы күресте біріге бастады. Біз халықты діннің негізін дұрыс түсінуге баулуымыз керек. Ол үшін молдалар сауатты болуы керек. Қазір дін қызметкерлерін оқыту қолға алынуда. Әсіресе, мұндай адасудан жастар аулақ болуы керек», - деді Н.Назарбаев.