Деректі фотосурет конкурсына өтініштер қабылдау бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Деректі фотосурет конкурсына өтініштер қабылдау бастады

21.12.2014
Деректі фотосурет конкурсына өтініштер қабылдау бастады

Әлемнің кәсіби және әуесқой фотографтары адам құқықтарына арналған конкурсқа қатыса алады. Дәстүрлі «FotoEvidence Book Award» жүлдесі адам құқығының  бұзылмауы жолындағы күресті, ерлікті, әділетсіздікпен күресті  насихаттайтын фотограф-документалиске беріледі.

Жеңімпаздың жобасы FotoEvidence кітаптар сериясына жарияланатын болады. Бұл – ерлік, әлеуметтік әділетсіздікке арналған фотосуреттер жарияланатын кітап. Сондай-ақ, фотограф сатылған кітаптардан қаламақы да алады.

Қатысушылар бір жоба аясына кіретін 15 фотосурет және 50 АҚШ доллары көлемінде төлемақы жіберуі қажет.

Өтініштер 2015 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.

Фото: widefon.com

Хабарламаларға жазылу