21 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының камералық залында «Аве Мария» атты концерт өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Көрермен назарына әртүрлі стильдегі шығармалар – Жаңару дәуірінен бастап, XX ғасыр композиторларының музыкасына дейін ұсынылады. Қазақстандық музыка сүйер қауым үшін жаңа музыкалық шығармалар орындалып, танымал композициялардың құпия болып келген сырлары ашылады.
«Астана Опера» сахнасында композиторлар: К.В. Глюк, И.С. Бах, Г.Ф. Гендель, В.А. Моцарт, Дж. Каччини, Т. Альбинони, Ф. Шуберт, П. Масканьи, Ш. Гуно, А. Дворжак, К. Сен-Санс, В. Гомес, А Пьяцолла және басқалардың туындылары шырқалады.
«Аве Мария» - «Мария, қуана бер» деген мағынаны білдіреді. Концерт бағдарламасында «Аве Мария» деп бірдей аталатын әртүрлі авторлардың шығармалары және басқа рухани музыканың жауһарлары шырқалады.