19 маусым «Астана Опера» сахнасында «ХХ ғасыр хиттары» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 маусым «Астана Опера» сахнасында «ХХ ғасыр хиттары» атты концерт өтеді

14.06.2016
19 маусым «Астана Опера» сахнасында «ХХ ғасыр хиттары» атты концерт өтеді

«ХХ ғасыр хиттары» концертінің әндері бұрын әр үй, аула, көше және алаңдарда, теледидар экрандарында орындалатын, олар барлық мейрамдар мен іс-шараларда шырқалатын. Оларды 19 маусымда «Астана Опера» Камералық залында тыңдауға болады.

Елордалық тыңдарманға М. Таривердиев, А. Зацепин, Н. Богословский, Т. Хренников, Э. Колмановский, А. Пахмутова, Е. Мартынов, Е. Крылатов сияқты әйгілі авторлардың музыкалық шығармалары мен көпшілік сүйіп тыңдайтын Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», «Ақерке Ақжайық», Т. Тайбековтың «Жас даурен» және тағы басқалары ұсынылады.

Концертті ұйымдастырушы Елена Сахно, өзімен бірге қызмет жасайтын солисттердің барлығы бірдей өз алдына дара тұлға екендігін атап өтті. Вокалисттердің есімі тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де жақсы танымал. Олардың қатысуымен өтетін түрлі жанрдағы жарқыраған және әсерлі музыкалық кештер үлкен сұранысқа ие.

Кеште Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, Салтанат Ахметова, Сүндет Байғожин, Жан Тәпин, халықаралық байқаулардың лауреаттары Талғат Ғалеев, Евгений Чайниковтың дауыстары тыңдарманды шаттыққа бөлейді.

Одан басқа Камералық зал сахнасында өнер көрсететін талантты аспапшылар – Кирилл Красюков, Нарғыз Ережепова (скрипкалар), Жанар Ахатова (альт), Курванжан Ахатов (виолончель), Александр Малиновский (туба), Марат Омаров (соқпалы), сонымен қатар «Астана Опера» Балалар хоры (жетекшісі – АлтынғанымАхметова). Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың дипломанты, «Мәдениет қайраткері» Елена Сахно.

- Табысты концерттік бағдарлама жасаудың сыры – бұл, ең алдымен, музыкаға деген махаббат. Орындаушылар менің барлық бастамаларымды ынтамен қолдап, идеяларынайтады, бағдарламаны қалыптастыруға ұсыныстар енгізеді. Содан кейін, бірлесіп нота материалдарын іздейміз, өңдейміз, жаңа репертуарды үйренеміз. Әртістер үшін ең бастысы–ыстық ықыласты сезіну, көрерменнің жүзінен қуаныш көру.Міне осы үшін біз өмір сүріп, қызмет жасаймыз. Залдардың лық толуы – әнші үшін ең үлкен марапат. Әркез музыканттар көрерменді қайталанбас және ұмытылмас жаңа нөмірлермен таң қалдырғылары келеді, - деді Елена Сахно

Хабарламаларға жазылу